Қазақстан өз әскери дрондарын өндіруді жоспарлап отыр

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MdQmwhXfuv86JQimQZ78tqg6gsPB0zfKRskHPMoi.jpg

Фото: Сanva

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери ұшқышсыз ұшақтар өндірісін бастау мүмкіндігін қарастырып жатқанын растады, деп хабарлайды “Адырна”.

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков журналистерге берген сұхбатында Түркияның Baykar Defence компаниясымен алдын ала келісімдер жасалғанын айтты. Жоба қазіргі уақытта пысықталу үстінде.

«Байрақтар» бойынша бізде келісім бар. Қазір жоба зерттеліп жатыр. Жақын арада бұл мәселе шешімін табады деген ойдамын», — деді ол Сенаттың кулуарларында.

Журналистер АҚШ, Иран, Украина және Ресей әскерлерінің тәжірибесін де атап өтті. Бұл елдерде ірі ұшқышсыз ұшақтармен қатар, кішігірім дрондар да жоғары тиімділік көрсетті. Мұстабеков Қазақстан да осындай аппараттарды өндіруді дамыту мүмкіндігін қарастырып жатқанын растады.

«Егер қаржыландыру ЖІӨ-нің 1%-ына жететін болса, бұл бағытта жұмыстар жүргізіледі. Жоспарлар бар, бірақ ақпараттың жабық сипатына байланысты егжей-тегжейлерді ашуға болмайды», — деп атап өтті ол.

Осылайша, Қазақстан соққы беретін және барлау жүргізетін ұшқышсыз ұшақтар, соның ішінде камикадзе дрондарын өндіру бойынша өзінің базасын құруға қадам басып отыр.

Yorumlar
Diğer Haberler