Алматыда Бангкоктан 11 кг гашиш майын әкелген күдікті ұсталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Q5pOGLcagY5bMhVDzINsFMxd7Ti0Q0CG2L4hAWEu.jpg

Алматыда полицейлер Бангкоктан заңсыз жеткізілген 11 кг гашиш майын тәркіледі, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Арнайы тексеру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстанның оңтүстік астанасындағы халықаралық әуежайда есірткі контрабандасының жолын кескен.

«Бангкок - Алматы рейсімен келген 20 жастағы жақын шетел азаматы ұсталды. Жеке тексеру кезінде одан жалпы салмағы шамамен 11 килограмм болатын гашиш майы салынған 12 пластикалық ыдыс тәркіленді. Жыл басынан бері жедел бөліністердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде елімізде есірткі контрабандасының 57 дерегі анықталып, жолы кесілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 286-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Ол есірткі трафигі арналарының жолын кесу, трансұлттық қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қою және мемлекеттік шекараны қорғау бойынша жұмыстар жалғасатынын атап өтті. 

Yorumlar
Diğer Haberler