Жыр додасынан оза шапқан оқушыға – шетелге жолдама, ұстазына – су жаңа темір тұлпар!

148
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cFQAWFX5PoF2GT6zx5kGfFkTVpwGHAaq1tJA2i3F.jpg

Облысымызда Ұлттық рухты дәріптеген “Тұлпар мініп-ту алған!” байқауы өтті. Жас жыршылар “Алпамыс батыр” жырын жатқа айтып, сөз өнері мен зерде сынға түскен ауқымды жобада бақ сынады.

Қостанай облыстық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауында топ жарған жас жыршыға ҚИнЭУ тарапынан шетелдік жазғы мектепте білім алуға арнайы жолдама табысталды.

Ал дарынды шәкіртті үлкен додаға дайындаған жетекшіге Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы су жаңа автокөлік сыйға тартты.

Ұлттық рухты ұлықтаған байқау – жас ұрпақтың жыр мен мұраға деген құрметін айшықтап, ұстаз еңбегінің мәртебесін тағы бір мәрте биіктетті.

«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, рухани мұраны жаңғыртқан тағылымы терең жоба екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жырды жүрекпен ұғып, сөздің салмағын сезінген жас талапкерлер ел үмітін ақтар рухты буынның қалыптасып келе жатқанын көрсетті.

Облыс көлемінде ұйымдастырылған байқауға 9094 оқушының қатысуға ниет білдіруі – жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген қызығушылығының айқын көрінісі. Іріктеу кезеңдерінен сүрінбей оза шапқан 44 жас жыршы облыстық кезеңде бақ сынап, жыр мен зерденің биік үлгісін көрсетті. Бұл – ұлттық рух пен сөз өнерінің жас буын санасында жаңғырып келе жатқанының дәлелі.

Бас жүлдені рухани мұраға деген айрықша құрметі мен сахнадағы шебер орындауы арқылы көпшіліктің ықыласына бөленген — Жүрсінбаева Ұлдана (Рудный қ.).
Жетекшісі — Смагулова Гүлжазира Гинятқызы темір тұлпар тізгіндеді.

Қостанай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен “Аманат” партиясының, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының және Міржақып Дулатұлы атындағы ҚИнЭУ қолдауымен “Тұлпар мініп, ту алған” жобасы Қостанайда жүзеге асты

Yorumlar
Diğer Haberler