Жанәбіловтер рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе?

109
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tBy2RmEg8ZlguPxPhRo3VuLRrquFfJJJIwPaEBfk.jpg
Бүгін, 11 маусымда Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға рақымшылық қолдану мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна".

Журналистер сот үкімі шыққан аталған блогерлердің рақымшылыққа ілінуі мүмкін бе деген сұрақ қойған.

Вице-министр бұл мәселеге нақты жауап беріп, олардың рақымшылық санатына жатпайтынын айтты.

«Жанәбіловтар бойынша жауап біржақты: жоқ. Олар рақымшылыққа жатпайды. Оларға қатысты қылмыстық жауапкершіліктен босату түріндегі де, жазаны қысқарту түріндегі де рақымшылық қолданылмайды. Аталған бап бойынша оларға рақымшылық тікелей қолданылмайды», – деді Санжар Әділов.

Еске салайық, 2026 жылғы 27 сәуірде Астана қаласында блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот үкімі шыққан болатын.

Сот шешімімен Ерболат Жанәбілов Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы («Заңсыз кәсіпкерлік») және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру») бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда сот Қылмыстық кодекстің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес жазаны шартты деп танып, пробациялық бақылау белгіледі.

Ал Эльмира Төлегенова да осы баптар бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сот шешімімен жазаны өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылып, мүлкі тәркіленген.

Yorumlar
Diğer Haberler