ҚТЖ басшысы жеке компаниясының құрылтайшысы екенін растады

74
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/y1AfSsAXRZTOeXQxlcskRa9aCP8LldRNJmHmgZG3.jpg

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов «АСТАНАТРАНСЭКСПРЕСС» ЖШС-нің құрылтайшысы екенін растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ол Үкіметте өткен брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған компания сенімгерлік басқаруға берілген және қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолымен» де, мемлекеттік құрылымдармен де ешқандай іскерлік байланысы жоқ.

«Бұл компанияның құрылтайшысы екенім рас. Ол мемлекеттік қызмет туралы заң талаптарына сәйкес басқаруға тапсырылған. Бүгінде компания ҚТЖ-мен де, мемлекетпен де жұмыс істемейді. Сондықтан бұл жерде мүдделер қақтығысы жоқ, барлық рәсім заңнамаға сәйкес орындалған», – деді Талғат Алдыбергенов.

Сондай-ақ журналистер компания қызметін жалғастырып жатқаны және одан табыс алып отырған-отырмағаны жөнінде сұрақ қойған. Бұған жауап ретінде ҚТЖ басшысы бизнесті өзі басқармайтынын айтып, барлық қаржылық және басқарушылық мәселелермен сенімгерлік басқарушы компания айналысатынын жеткізді.

Ашық дереккөздердегі мәліметке сәйкес, «АСТАНАТРАНСЭКСПРЕСС» ЖШС Астана қаласында тіркелген және жүк тасымалы мен көлік-логистикалық қызметтерді ұсынатын экспедиторлық ұйым болып саналады.

Yorumlar
Diğer Haberler