Бүгін бізге жаңа технологиямен бірге жаңа мінез керек

135
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kQvHFolDf4j797xQQIET2cstixSM8qgzeuLu6xqU.webp

Заман өзгерді. Бірақ адамға қойылатын талап өзгерген жоқ. Абайдың «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген үш-ақ сөзі бүгін де қоғамның таразысы.

Қазір қайрат бар. Бірақ кейде ол жеңіл пайдаға жұмсалады... Ақыл бар. Бірақ ол жалған ақпарат таратуға, бірін-бірі алдауға, бірін-бірі күстәналауға қызмет етіп жүр. Жүрек ше? Жүрек телефон экранының ар жағында қалып қойғандай... 

Абай айтқан үш қасиет бір-бірінен бөлінбеуі керек. 

Қайратты ақыл билемесе – күш озбырлыққа айналады.  Ақылды жүрек жылытпаса – ол айлакерлікке айналады. 
Жылы жүрек қайратсыз болса – жақсылықтың өзі әлсіз.  Елдің ертеңін адам жасайды. 

Ал адамды адам ететін – қызметі емес, қасиеті. 

Сондықтан бүгін бізге жаңа технологиямен бірге жаңа мінез керек. Абай айтқан толық адам керек. Сонда ғана қоғам да толық болады.

Мақпал Орынбетова

Yorumlar
Diğer Haberler