Заман өзгерді. Бірақ адамға қойылатын талап өзгерген жоқ. Абайдың «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген үш-ақ сөзі бүгін де қоғамның таразысы.
Қазір қайрат бар. Бірақ кейде ол жеңіл пайдаға жұмсалады... Ақыл бар. Бірақ ол жалған ақпарат таратуға, бірін-бірі алдауға, бірін-бірі күстәналауға қызмет етіп жүр. Жүрек ше? Жүрек телефон экранының ар жағында қалып қойғандай...
Абай айтқан үш қасиет бір-бірінен бөлінбеуі керек.
Қайратты ақыл билемесе – күш озбырлыққа айналады. Ақылды жүрек жылытпаса – ол айлакерлікке айналады.
Жылы жүрек қайратсыз болса – жақсылықтың өзі әлсіз. Елдің ертеңін адам жасайды.
Ал адамды адам ететін – қызметі емес, қасиеті.
Сондықтан бүгін бізге жаңа технологиямен бірге жаңа мінез керек. Абай айтқан толық адам керек. Сонда ғана қоғам да толық болады.
