Белгілі журналист Жұмабек Табынбаев өмірден өтті

212
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Y5DnZPGkVuqmw8q1VWuYyhli9qdU54tMNysBs9Zo.webp

фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Белгілі журналист, ақын, прозашы Жұмабек Айдарбекұлы Табынбаев дүниеден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі айтты, деп хабарлайды "Адырна".

Жұмабек Айдарбекұлы саналы ғұмырын ел руханияты мен бұқаралық ақпарат саласына арнады.

Еңбек жолын 1978 жылы бастап, әр жылдары өңірлік, республикалық басылымдарда абыройлы қызмет атқарды. Журналист қана емес, ақын әрі прозашы ретінде де қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Оның «Өмір – керуен», «Соғыс туралы шындық», «Жадымдасың, жарқын бейне» және басқа да кітаптары оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Көркем туындылары арқылы ұлттық әдебиет пен публицистиканың дамуына сүбелі үлес қосты.

«Кәсіби біліктілігі, азаматтық ұстанымы, адамгершілік болмысы мен өнегелі ғұмыры әріптестері мен кейінгі буын журналистер үшін әрдайым үлгі болған ардақты азаматтың жарқын бейнесі мен есімі ел жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – делінген хабарламада.

Жұмабек Табынбаев Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған еді.  

Yorumlar
Diğer Haberler