Футболдан ӘЧ-2026. Францияның жеңілісі жаппай тәртіпсіздікке ұласты

210
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DTPy4VFVE5T3uVmmW6CF82Qaba9KuHf3vXlxqpgA.jpg

Франция құрамасы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілгеннен кейін елдің бірқатар қаласында тәртіпсіздіктер болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Овернь — Рона — Альпі аймағы әкімшілігінің мәліметінше, Франция – Испания матчы аяқталғаннан кейін Лион қаласындағы Белькур алаңына негізінен жастардан құралған топ жиналған.

Билік таратқан мәлімдемеде топ мүшелерінің құқық қорғау органдары қызметкерлеріне түрлі заттар лақтырғаны айтылған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тәртіпсіздікке қатысушыларды ұстаған.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының дерегінше, Лиондағы қақтығыстар кезінде 20 адам ұсталған. Сонымен қатар Гийотьер ауданында бір адамның оқ жарақатын алу фактісі бойынша жүргізіліп жатқан тергеу аясында тағы бір күдікті қолға түскен. Париж полициясындағы дереккөздердің хабарлауынша, астана мен оның маңындағы аудандарда 141 адам ұсталған.

Еске салайық, кеше АҚШ-тың Даллас қаласында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалы өткен болатын. Онда Испания құрамасы Францияны 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің финалына жолдама алған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler