Ерлан Қарин: Тарихи тұлғалар мен тарихи кезеңдерді бір-біріне қарсы қоймау қажет

232
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5ButrtCMbm62lUvKhEa9Ji9BXy4wxukypWidCaNY.jpg

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Қазақстан тарихының көптомдық академиялық басылымын әзірлеу жөніндегі Редакциялық алқаның қорытынды отырысында тарихи тұлғалар мен тарихи кезеңдерді бір-біріне қарсы қоймау қажет екенін айтты. 

«Тарихқа объективті баға беру аса маңызды. Тарихи тұлғалар мен тарихи кезеңдерді бір-біріне қарсы қоймау қажет. Объективтілік қағидаты тарихтағы жеке тұлғаның рөлін бағалауда да байыпты әрі салмақты ұстанымды талап етеді. Яғни бір тарихи тұлғаны әсіре дәріптеп, оны өзгелерден жоғары қоюға болмайды. Мұның салдарынан қоғамда қарама-қайшылық туындайды, береке-бірлікке сызат түседі. Сондықтан, тарихи тұлғалар туралы айтқанда олар өмір сүрген заманды, сол кездегі жағдайлар мен оқиғалардың ерекшелігін барынша ескеру керек», – деді Ерлан Қарин Редакциялық алқаның қорытынды 14-ші отырысында.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Редакциялық алқаның қорытынды отырысы өтті. Онда көптомдықтың соңғы 7-ші томы бекітілді. Бұл том Тәуелсіз Қазақстан тарихына арналған. 



2025 жылғы 15 мамырда құрылған Редакциялық алқаның құрамына әр томның жетекшілері мен авторларынан бөлек, тарих институттарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Философия, саясаттану және дінтану институтының, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Ұлттық музейдің, Орталық мемлекеттік архивтің, Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің және жоғары оқу орындарындағы тарих кафедраларының өкілдері енген.

Yorumlar
Diğer Haberler