Өзін ҰҚК майоры деп таныстырған ер адам сотталды

87
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Петропавл қалалық соты өзін әлеуметтік желілерде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) майоры ретінде таныстырған адамды соттады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Азаматтарды алдаған 31 жастағы Дамир Амангелдиевке қатысты үкім шығарды.

Сот мәліметінше, сотталушы әртүрлі адамдарға өзін қылмыстық-атқару жүйесі қызметкері, есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкері немесе ҰҚК майоры ретінде таныстырып, түрлі мәселелерді ақшаға шешіп бере алатынын айтып сендірген. Алайда оның аталған құқық қорғау органдарының ешқайсысында қызмет атқармағаны анықталған.

Іс материалдарына сәйкес, ол Петропавл тұрғынына жүргізуші куәлігін алып беруге уәде беріп, 80 мың теңге алған. Кейбір жәбірленушілерден алған қаражат көлемі 150 мың теңгеге дейін жеткен.

Сондай-ақ сотталушы TikTok әлеуметтік желісінде танысқан әйелді де алдап, түрлі жеке жағдайларын алға тартып, ақша мен алтын әшекейлерін иемденген. Кейін зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізген. Осы эпизод бойынша келтірілген жалпы шығын шамамен 700 мың теңгені құрады.

Сот оның бұл қылмыстарды пробациялық бақылауда жүрген кезінде жасағанын атап өтті.

Ол қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сот оны жәбірленушілердің біріне шамамен 620 мың теңге көлеміндегі материалдық шығынды өтеуге міндеттеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Yorumlar
Diğer Haberler