Дуров Астанадағы олимпиада жеңімпаздарына сыйақы бермек

185
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jB8fxVbkZ2vF2Lq3qUNYz7SnmWzhmw0kJviS0t0B.webp

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Астанада өткен жасанды интеллект бойынша халықаралық IOAI 2026 олимпиадасының жүлдегерлеріне берілетін сыйақылар туралы мәлімдеді. Жүлде қорының жалпы құны 106,5 мың доллардан асады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, Telegram компаниясы жарыс ұйымдастырушыларымен байланысқа шыққан. Жеңімпаздарға сыйақылар келесі аптада қауіпсіз тәсілмен табысталмақ.

«Жеке есепте екінші орын алған қазақстандық Даужан Бекетов үшін қуаныштымын. Біз ұйымдастырушылармен байланысып, келесі аптада Telegram атынан жеңімпаздарға сыйлықтарды табыстауды жоспарлап отырмыз», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Еске салайық, жасанды интеллект бойынша үшінші халықаралық олимпиада 2–8 тамыз аралығында Астанада өткен болатын. Оған әлемнің 106 елінен 500-ден астам оқушы қатысқан.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де IOAI 2026 олимпиадасында медальға ие болғанын жазған едік.

Yorumlar
Diğer Haberler