Ердоған Мекке келісімінің ешбір елге қарсы бағытталмағанын айтты

92
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wWoJQQ7UDnTYul6ZWyc9ZtTRo7t2mKAaMWYAT6xF.webp

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Анкара мен Эр-Рияд арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық сипатқа ие екенін мәлімдеп, алдағы уақытта олардың одан әрі нығая түсетінін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Caliber-ге сілтеме жасап.

Оның сөзінше, тараптар ынтымақтастықты «әлдеқайда жоғары деңгейге» көтеруді көздеп отыр.

Ормұз бұғазындағы жағдайға тоқталған Ердоған оны әлемдік экономиканың негізгі күретамырларының бірі деп атап, өңірдегі шиеленістің жақын арада бәсеңдеуіне үміт білдірді. Ол бұғаз халықаралық кеме қатынасының қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қайта қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты.

Түркия басшысы сондай-ақ Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы бірлескен қорғаныс жөніндегі Мекке келісімі қандай да бір нақты мемлекетке қарсы бағытталмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, құжат ұжымдық тежеу тетіктерін күшейтіп, өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға арналған. Ердоған бұл механизмнің басқа да «бауырлас мемлекеттердің» қосылуына ашық екенін қосты.

Сонымен қатар Түркия президенті Израильдің Ливанға жасаған соққыларын дереу тоқтатуға шақырды. Ол Анкараның Сирияның аумақтық тұтастығын қолдауды жалғастыратынын және оның аумағында Түркия қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін құрылымдардың қалыптасуына жол бермейтінін мәлімдеді.

Yorumlar
Diğer Haberler