Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

140
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CkUbKayR372lglmBdN8QGwaiHowOiRbhq8qSfujB.webp

Алматыда автобус пен жаяу жүргіншінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Адам өліміне әкелген оқиғасының кадрлары Instagram желісіндегі 100baksoff паблигінде жарияланды.

Қалалық ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 12 тамыз күні сағат 12:20-да Бостандық ауданында болған.

«Жеке тасымалдаушыға тиесілі автобустың жүргізушісі Мұстафин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, көшені шығыс бағытта кесіп өтіп бара жатқан 1996 жылы туған жаяу жүргінші қызды қағып кеткен. Өкінішке қарай, жаяу жүргінші алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қаза тапты», – деді ПД.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Yorumlar
Diğer Haberler