Дербес деректер не болды? Полиция EGov-қа заңсыз кіру тіркелмеді дейді

180
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/okPfdJHrnmOpaPe6ycaN8QEArzGKQ20BwQk4CBb2.webp

Қазақстан азаматтарының дербес деректері сатылымға шығарылды деген ақпарат қоғамда алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Осыған байланысты ішкі істер министрлігі аталған ақпаратты тексерді.

Polisia.kz мәліметінше, қазір eGov порталына заңсыз кіру немесе қол жеткізу фактілері тіркелген жоқ.

Сонымен қатар дербес деректерді сатуға қатысты хабарландырудың жарияланғаны назарға алынды.

Қазір хабарландыруды орналастырған адамның кім екені, ұсынылған деректердің қайдан алынғаны және оларды заңсыз алуға немесе таратуға қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Ішкі істер министрлігі азаматтардың дербес деректерін қорғау мәселесіне ерекше жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті.

Қазақстан Конституциясының 21-бабында азаматтарды дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау көзделген. Бұл талаптар цифрлық технологияларды қолдану арқылы жасалатын әрекеттерге де қатысты.

Бұған дейін жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 15 миллион адамның деректері тарады деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берген.

Yorumlar
Diğer Haberler