Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші төмендеді – денсаулық сақтау министрлігі

263
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Ef7SmM5XulV6vTRrjXRqVxd6ikvvbjJHGIVqlKf3.avif

Қазақстанда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында халық денсаулығына қатысты бірқатар негізгі көрсеткіш жақсарды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, елдегі жалпы өлім-жітім көрсеткіші 0,8%-ға төмендеген. Өлім-жітімнің ең жоғары төмендеуі қан айналымы жүйесі ауруларынан – 10,9%-ға, онкологиялық аурулардан – 5%-ға және жол-көлік оқиғаларының салдарынан – 20,9%-ға тіркелген. Ана мен бала денсаулығына қатысты көрсеткіштер де жақсарған. Соңғы жеті айда ана өлімі 17,5%-ға азайған. Нәресте өлімі 5,93, ал неонаталдық өлім көрсеткіші 3,05 деңгейінде қалыптасқан. Министрлік бұл көрсеткіштердің жоспарлы межеден айтарлықтай жақсы екенін атап өтті.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігі көрсеткіштері төмен өңірлерде ерте диагностика жұмыстарын күшейтуді жоспарлап отыр. Пациенттерді медициналық ұйымдар арасында бағыттау жүйесін жетілдіруге де басымдық берілмек. Министрліктің мәліметінше, 2026 жылдың екінші жартыжылдығындағы негізгі міндет – денсаулық сақтау саласындағы оң динамиканы сақтау және азаматтардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығына тікелей әсер ететін көрсеткіштерді жақсарту.

Yorumlar
Diğer Haberler