Әйелдің өліміне байланысты. Экс-полицейлер ұсталды

94
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Астанада қызметке салғырт қарау дерегі бойынша төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұған елордада әйелдің қатыгездікпен өлтірілуіне байланысты жүргізілген қызметтік тексеру себеп болды.

Қазақстан Республикасы ІІМ мәліметінше, ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне қызметтік тексеру жүргізген.

Тексеру қорытындысы бойынша төрт полиция қызметкері теріс себептермен қызметтен босатылды. Олардың қатарында екі аудандық полиция басқармасының бастығы мен орынбасарлары, сондай-ақ Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары бар.

Полиция департаментінің бастығы мен тағы бір орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар қызметке салғырт қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында бұрын қызмет атқарған төрт полиция қызметкері ұсталды.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Іс Ішкі істер министрінің ерекше бақылауына алынған.

Yorumlar
Diğer Haberler