Президент Баку-Жейһан желісімен экспортталатын қазақ мұнайы туралы айтты

94
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/w41VPbXZfYAjTZxrhHsOkoHrBq45qwHt5oG7CaGf.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстан мен Әзербайжан Баку – Тбилиси – Жейһан (БТЖ) мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнай тасымалдау көлемін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VII саммитінде хабарлады.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдегі тұрақсыз жағдайға қарамастан, Қазақстан серіктестікті нығайтуға және ынтымақтастық аясын кеңейтуге басымдық береді.

«Біз Әзербайжанмен бірлесіп, Баку – Тбилиси – Жейһан құбыры арқылы қазақстандық мұнай жеткізу көлемін арттыруға ниеттіміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент былтыр Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан арасында «жасыл» энергия жеткізу саласындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылғанын еске салды. Бұл құжат Транскаспий жасыл энергия дәлізін құруға негіз болды.

Еске салсақ, Қазақстан Каспий құбыр консорциумы желісі бойындағы жүйелі тұрақсыздықты ескере отырып, Әзербайжан арқылы өтетін Транскаспий транзиттік жүйесінің бөлігі ретінде БТЖ құбыры бағытын және ықтимал Баку-Супса құбырын мұнай экспортының қосымша бағыттары ретінде қарастырады. "ҚазМұнайГаз" компаниясы 2026 жылы БТЖ құбыры арқылы мұнай экспортын 2025 жылғы деңгеймен салыстырғанда 31 пайызға арттырып, мұнайды ауыстырып тиеуді 1,7 миллион тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.

Yorumlar
Diğer Haberler