«Кінәмшіл Путин, қыңыр Зеленский». Байденнің мемуары жарыққа шықпақ

286
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CJf7z9sXRfHURT25D0qKFNqWNWpHmALGrVrCH9ew.jpg

17 қарашада АҚШ-тың 46-президенті Джо Байденнің «Promise me, America» атты мемуарлық кітабы жарық көреді. Онда ол Ақ үйде өткізген төрт жылы, одақтастары мен қарсыластары, Владимир Путинмен кездесулері, Владимир Зеленскиймен күрделі қарым-қатынасы және Биньямин Нетаньяхумен болған келіспеушіліктері туралы баяндайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Байден бұл еңбегінде АҚШ тарихындағы қазіргі заманның ең күрделі кезеңдерінің бірінде қабылдаған шешімдерін түсіндіруді, сондай-ақ жетістіктері, қиындықтары мен жеке басынан өткен ауыр қасіреттері туралы ашық айтуды мақсат еткен.

Кітап жарыққа шықпай тұрып танысу мүмкіндігіне ие болған америкалық басылымдардың жазуынша, Байден әлі күнге дейін қабылдаған шешімдерінің басым бөлігін дұрыс деп санайды. Бұл, әсіресе, оның президенттігі кезіндегі ең көп дау тудырған екі оқиғаға – АҚШ әскерін Ауғанстаннан шығаруына және 2024 жылы президенттік сайлауға қайта түсу туралы шешіміне қатысты. Алайда кейін ол бұл ниетінен бас тартқан еді.

Сонымен қатар мемуардағы ең назар аударарлық тұстардың бірқатары Байденнің өзіне емес, онымен кездесіп, қарым-қатынас орнатуға тура келген әлемдік көшбасшыларға арналған.

Джо Байденнің Владимир Путинмен кездесулерінен есінде ерекше сақталған жайт – Ресей президентінің өзін ұстау мәнері болса керек.

The Wall Street Journal басылымының жазуынша, Байден Путиннің қарым-қатынас кезіндегі үнін «тітіркендірерлік, кінәмшіл баланың мінезіндей» деп сипаттаған. Оның айтуынша, кездесулер барысында Ресей президенті орындыққа шалқая жайғасып, айналасында болып жатқан жайттарға немқұрайды қараған.Байденнің сипаттауынша, ол «жасөспірім секілді» әрекет еткен. Байден Владимир

Зеленский туралы да ашық пікір білдірген. АҚШ-тың бұрынғы президенті Зеленскийдің актерлік мансабы соғыс жағдайында ел басқаруға жақсы дайындық болғанын мойындайды. Алайда мемуардағы жазбаларға қарағанда, Украина президентімен жеке қарым-қатынас орнату әрдайым оңай болмаған.

Yorumlar
Diğer Haberler