Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтингінде 16-орынға көтерілді

216
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/qNUMCwUwvKPX8vsvgExyNheuBEpCbKMsyPQIeRSO.jpg

Фото: stat.gov.kz

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Электрондық үкіметті дамыту индексінде (UN EGDI) 24-орыннан 16-орынға көтеріліп, алғаш рет ең жоғары рейтингтік санатқа енді. Бұл туралы 20 қарашада ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна".

Ведомство мәліметінше, соңғы екі жылда Қазақстан рейтингте 8 сатыға жоғарылаған. БҰҰ баяндамасында бұл көрсеткіш көшбасшы елдер арасындағы ең елеулі ілгерілеудің бірі ретінде бағаланған. Сонымен қатар Қазақстан өңірде аталған деңгейге жеткен алғашқы мемлекет атанды.

Ең жоғары рейтингтік санатқа электрондық үкіметі барынша дамыған әлемнің 21 мемлекеті кіреді. Олардың қатарында Қазақстанмен бірге Корея, Дания, Сингапур, Ұлыбритания, Эстония және АҚШ бар. 2026 жылы бұл санатқа алғаш рет Қазақстан, Ирландия және Польша қосылды.

Сондай-ақ соңғы екі жылда Қазақстан 2024 жылғы рейтингте өзінен жоғары тұрған Швеция, Германия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Австрия және Жапониядан озып кеткен.

Елдің электрондық үкіметті дамыту индексі 0,9009-дан 0,9363-ке дейін өсті. Ал әлемдік орташа көрсеткіш 0,6675 деңгейінде қалыптасты.

Министрліктің хабарлауынша, бұл жетістік Мемлекет басшысының Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырумен байланысты. Атап айтқанда, мемлекеттік басқаруды трансформациялау және жасанды интеллектіні дамыту елдің цифрлық әлеуетін арттырудағы басым бағыттардың бірі саналады.

Yorumlar
Diğer Haberler