15 жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Германияда тұратын қазақстандық заңсыз көлік экспорттаған

1977
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/temirtor-960x500.jpg?token=0b233cbc2c6e0ea672f62fefe061064b

Германияның Гессен федералды аймағында 39 жастағы Қазақстан азаматына қатысты ауқымды тергеу басталды, депхабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.

Күдіктіге Ресей мен Беларуське Еуропалық Одақтың санкцияларын бұза отырып, 700-ден астам қымбат көліктерді көршілес елдер арқылы заңсыз сатты деген айып тағылып отыр. Экспортталған көліктердің жалпы құны  25 миллион еуроға бағалануда.

Кеден қызметінің мәліметінше, тінту барысында 1,3 миллион еуро тұратын 21 автокөлік пен мотоцикл тәркіленген. Сонымен қатар күдіктінің үйінен заңсыз сақталған электрошокер, медициналық және допингтік препараттар, сондай-ақ сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар қатарына жатуы мүмкін қолтырауынның басы табылған.

Bild газетінің деректеріне сүйенсек, күдікті – Қазақстан азаматы және заңсыз экспорттың бір бөлігі Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асқан. Тәркіленген көліктердің қатарында BMW мен Audi маркалы машиналар бар.

Қазіргі таңда оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Тергеу жалғасуда.

Yorumlar
Diğer Haberler