Германияның Гессен федералды аймағында 39 жастағы Қазақстан азаматына қатысты ауқымды тергеу басталды, депхабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.
Күдіктіге Ресей мен Беларуське Еуропалық Одақтың санкцияларын бұза отырып, 700-ден астам қымбат көліктерді көршілес елдер арқылы заңсыз сатты деген айып тағылып отыр. Экспортталған көліктердің жалпы құны 25 миллион еуроға бағалануда.
Кеден қызметінің мәліметінше, тінту барысында 1,3 миллион еуро тұратын 21 автокөлік пен мотоцикл тәркіленген. Сонымен қатар күдіктінің үйінен заңсыз сақталған электрошокер, медициналық және допингтік препараттар, сондай-ақ сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар қатарына жатуы мүмкін қолтырауынның басы табылған.
Bild газетінің деректеріне сүйенсек, күдікті – Қазақстан азаматы және заңсыз экспорттың бір бөлігі Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асқан. Тәркіленген көліктердің қатарында BMW мен Audi маркалы машиналар бар.
Қазіргі таңда оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Тергеу жалғасуда.
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”