Ажал терезесі. Тағы да балалардың құлауы жиіледі

1266
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/6e186bd7-1294-45d9-828b-5ce807781c48-960x500.jpeg?token=4c3df8c55f79956f303b187d90f1d30c

Елімізде балалардың терезеден құлау оқиғалары жиілеп кетті. Жыл басынан бері Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына балалардың терезеден құлауына байланысты 60 жазатайым оқиға туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды

Бес бала оқиға орнында қаза тапса, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген.

21 мамырда Қарағанды қаласында көпқабатты үйлердің бірінде 7-қабаттан екі жасар сәби құлап түсті. Қалалық ТЖД  мәліметінше, бала оқиға орнында көз жұмған. Дәл осы күні Павлодар қаласында да бес жасар бала ашық тұрған терезеден құлап кетті. Қазіргі таңда қыз травматология бөлімшесіне жатқызылып, ем қабылдап жатты.

Төтенше жағдайлар министрлігі жылы мезгілдің басталуымен, сонымен қатар жазғы мектеп демалысы кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артатынын мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, былтыр осындай 196 оқиға тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда 3-қабаттың терезесінен құлап қаза тапқан 3 жасар бүлдіршіннің анасы бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан едік. Ол баланың қауіпсіздігіне аса мән бермегені үшін айыпталып отыр.

«Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау (ҚК-нің 141-бабы, 2-бөлігі) фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиға кезінде балалар үйде жалғыз болғаны анықталды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр»,—деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Yorumlar
Diğer Haberler