Депутат дау көтерген соң. Қазақстанда Ресей қоғамының құрылымы жоқ екені айтылды

2282
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/photo-output-52-960x500.jpeg?token=82c8b2d844f78fb977ba09abc673a6ee

Қазақстанда Ресей әскери-тарихи қоғамының құрылымдары мен өкілеттіктері жоқ. Бұл туралы «Еуразиялық мониторинг» сараптамалық зерттеулер орталығының директоры, РӘТҚ-тың Қазақстандағы өкілі Әлібек Тәжібаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол қазіргі таңда әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарап жүргенін атап өтті.

«Менің басты міндетім — қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы ерліктері туралы ақпаратты халықаралық деңгейге шығару, жаңа мұрағаттық материалдарды анықтау, ұмыт қалған батырлардың есімдерін қалпына келтіру және бұл деректерді ғылыми және кәсіби деңгейде жария ету. Бұл — тек тарихи-мәдени миссия, оның ешқандай саяси астары жоқ», — деді ол.

Сондай-ақ Тәжібаев Ресейдің әскери-тарихи қоғамының өкілдігімен ынтымақтастық жасау өтеусіз негізде жүзеге асырылатынын мәлімдеді. Сөзінше, бұл бірқатар елде қолданылатын ресми қоғамдық өкілдер моделіне негізделген.

Ресми өкіл көпшілікті ақпаратты объективті қабылдауға шақырып, ақпараттық манипуляцияларға қатысудан сақ болуға үндеді.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи елімізде Ресейдің әскери-тарихи музейінің филиалының ашылуы төңірегіндегі жағдайды сынға алып, Қазақстанда Ұлттық қару-жарақ музейін ашуды ұсынған болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler