Байден: Путин Ресейді ХІХ ғасырға аттандырды

4930
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/izobrazhenie_2022-03-27_100250.png
Байден Варшавада тарихи мәлімдемемен сөз сөйледі десек те болады. Айтқандарынан қысқаша келтірсек: - Путин қирап, сүйегі қурап қалған империяны тірілткісі келеді. Ол ойы ешқашан іске аспайды. - Украина соғысып жатыр. Олар тек өздері үшін емес, күллі демократиялық елдер үшін соғысуда. Сондықтан көмекті көбейтеміз. - Қазір бір доллар 200 рубль тұрады. Шынайы құны сол. Путин рубльді күлге айналдырды. - Путин Ресейді 19 ғасырға аттандырды. - Путин тақта қалмауы тиіс. Ол диктатор. - Еуропа елдері Ресейге энергетика жағынан тәуелді болмауы тиіс. Біз көмектесуге дайынбыз. - Ресей бұл соғыста жеңіске жете алмайды. Қазірдің өзінде бұл соғыста ол қателік жібергенін біліп отыр, іштей сезіп отыр. - Соғысты қаржыландырушы Ресей олигархтары. Сондықтан біз олардың бар байлығын тартып алудамыз.

"Адырна" ұлттық порталы

评论