Байден Варшавада тарихи мәлімдемемен сөз сөйледі десек те болады. Айтқандарынан қысқаша келтірсек:
- Путин қирап, сүйегі қурап қалған империяны тірілткісі келеді. Ол ойы ешқашан іске аспайды.
- Украина соғысып жатыр. Олар тек өздері үшін емес, күллі демократиялық елдер үшін соғысуда. Сондықтан көмекті көбейтеміз.
- Қазір бір доллар 200 рубль тұрады. Шынайы құны сол. Путин рубльді күлге айналдырды.
- Путин Ресейді 19 ғасырға аттандырды.
- Путин тақта қалмауы тиіс. Ол диктатор.
- Еуропа елдері Ресейге энергетика жағынан тәуелді болмауы тиіс. Біз көмектесуге дайынбыз.
- Ресей бұл соғыста жеңіске жете алмайды. Қазірдің өзінде бұл соғыста ол қателік жібергенін біліп отыр, іштей сезіп отыр.
- Соғысты қаржыландырушы Ресей олигархтары. Сондықтан біз олардың бар байлығын тартып алудамыз.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Azerbaijan Airlines stated that “physical and technical obstacles” were the cause of the crash near Aktau