"Медеу" спорт кешенінде тікұшақтың ұшқан сәті жұртты шошытты

1867
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HjjgLBcHBgnwWVJr9r3zEfTkBsIrDqa4bw4oAoft.webp

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы "Медеу" спорт кешені аумағынан ұшып шыққан "Қазавиақұтқару" тікұшағының видеосы тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Куәгерлердің айтуынша, әуеге көтерілу кезінде әуе көлігі бірнеше рет қисайып, ағаштың бұтақтарына да тиген. Көпшілік болған жағдайдан қатты қорқып қалған.

Кадрларда тікұшақтың дереу көтеріле алмай, тепе-теңдігін сақтай алмай жатқан сәттері анық көрінеді.

"Азаматтарды қауіпсіз қашықтықта болуға алдын ала ескерткенбіз" – дейді мамандар.

"Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі тікұшақ ұшуының алдын ала жоспарланғанын және ресми ұшу алаңынан жүзеге асқанын хабарлады. Ұшқыштың тәжірибелі екені, сағаттап ұшу тәжірибесі мен біліктілігі бар екені де айтылды.

"Ұшар алдында бортмеханик азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескерткен", – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшу кезінде желдің бағыты мен күші күрт өзгеріп, бұл тікұшақтың тұрақтылығына әсер етуі мүмкін. Оқиғаның нақты себептері "Қазавиақұтқару" жүргізіп жатқан ішкі тексеріс нәтижесінде анықталмақ.

"Оқиғадан кейін жедел әрекет ету тобы әуе кемесін тексеріп, техникалық ақаулар анықталмады", – деді мекеме.

评论