"Соғыс министрлігі". АҚШ Пентагон атауын өзгертті

940
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0uvmY6nc9NxMdP8s1Z0WqbdLryDopYjHv6NDYjb0.jpg

АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Пентагонның ресми түрде «Соғыс министрлігі» деп атала бастайтынын хабарлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министр Хегсет бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеп, өзінің ресми мәртебесін жаңа атаумен өзгертті. Ақ үй де бұл өзгерісті растап, ресми жарияланым жасады.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 5 қыркүйек күні Пентагонды «Соғыс министрлігі» деп қайта атау туралы жарлыққа қол қоятыны хабарланған еді.

Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, жарлықта «Соғыс министрлігі» екінші атау ретінде көрсетіледі. Бұл қадам Конгрестің ресми мақұлдауынсыз ведомствоның атауын өзгертуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Пентагон – АҚШ-тың қорғаныс саясатын басқаратын негізгі орган, елдің қарулы күштерін бақылайды.

Енді ресми құжаттар мен мәлімдемелерде «Қорғаныс министрлігімен» қатар «Соғыс министрлігі» атауы да қолданылуы мүмкін.

相关新闻

评论
相关新闻