Оралдан шыққан озық ойлы жас

1347
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WTIWD948vUOahu1l3P9h4ePgL3OlehHMTgLeAcMC.jpg

Оралдық студент халықаралық байқауда топ жарды. Ол Татарстанда өткен білім додасында үздік атанып, цифрлық ақпарат өңдеу саласындағы кәсіби шеберлігін әлемдік деңгейде дәлелдеді.

БҚО Орал қаласындағы Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің студенті Ихсан Бекет Ержанұлы халықаралық дәрежеде зор жетістікке қол жеткізді.Бұл туралы  Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.  Ол Татарстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған IV халықаралық «Лучший по профессии — мастер по обработке цифровой информации» кәсіби шеберлік байқауында 1-орын иеленіп, үздік деп танылды.

Байқаудың мақсаты – IT саласында білім алып жатқан студенттердің кәсіби деңгейін бағалау, цифрлық ақпаратты өңдеу, жүйелеу және талдау бойынша дағдыларын сынау, сондай-ақ халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.

Сайыс барысында қатысушыларға күрделі техникалық тапсырмалар жүктелді. Ихсан Бекет бұл сынақтардан сүрінбей өтіп, жоғары кәсіби дайындық пен техникалық сауаттылығын көрсетті. Қазылар алқасы жас маманның жұмысын жоғары бағалап, оған бірінші орынды лайық деп тапты.

Бұл жеңіс – жеке табыстан бөлек, отандық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің әлеуетін дәлелдейтін нақты көрсеткіш. Сондай-ақ, жастардың заманауи цифрлық мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, олардың халықаралық деңгейде де бәсекеге қабілетті екендігін паш етеді.Ихсанның бұл табысы – жетекшісі А.А. Қасиетова мен колледж ұжымының жүйелі еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшылығы  жас маманды үлкен жетістігімен құттықтап, алдағы кәсіби жолына сәттілік тіледі.

评论