Сирек спорттық көлікке ағаш құлады. Құнын кім өтейді?

1273
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kSUJETAnNRL2kujg6x6dvHvj0N9dEiNUHJv7UbJi.webp

Алматыда ағаш құлап,  салдарынан жол жиегінде тұрған автокөлік зақымданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы NUR.KZ-ке сілтеп.

Әлеуметтік желі Threads қолданушысының айтуынша, оқиға бүгін таңертең жаңа тұрғын үй кешендерінің маңында болған. 

Ағаш жол жиегінде тұрған электромобильге құлап, оның төбесі мен капотын зақымдаған.

Куәгердің сөзінше, ағаш құлаған жерде жаяу жүргіншілер бөлігі де бар, сондықтан оқиға кезінде адамдарға қауіп төнуі мүмкін еді.

«Енді сұрақ туындайды: мұндай жағдайда кім жауап береді және көлік иесіне келтірілген шығынды кім өтейді?» – деп жазған автор.

Алматы әкімдігі бұл жайттың Алмалы ауданында, Төреқұлов көшесінің бойында болғанын мәлімдеді.

Қызметкерлердің түсіндіруінше, ағаш тротуар бойында орналасқан, түбір жүйесі қоршаудың жанынан өсіп шыққан. Оның түрі – қарағаш, жасы 35 жылдан асқан, діңгегінің диаметрі 50 миллиметрден жоғары.

Визуалды тексеріс барысында ағаштың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық екені анықталып, кеуіп кеткен белгілері байқалмаған. Сондықтан санитарлық кесуге жатпайды, ал тек сыртқы түріне қарап, құлау қаупін алдын ала болжау мүмкін емес екені айтылды.

Әкімдік мәліметінше, HiPhi Z маркалы көлікке материалдық шығын келген. Көліктің панорамалық төбесі мен тіреу бөлігі зақымданған. Көлік иесіне тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта құлаған ағашты шығару жұмыстары аяқталуға жақын.

评论