"Дуров Алматыны ерекше ұнататынын айтты". Әкім Telegram иесімен кездесті

867
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0brriI56sCGxdKT1fpF4zuuzzWa1fQB6TA0TMxZ0.jpg

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы қалалық әкімдікке сілтеп.

Кездесуде тараптар Алматыда жасанды интеллект зертханасын (AI-зертхана) құру мүмкіндігін, техникалық және IT бағыттарында дарынды жастарды даярлайтын мамандандырылған интернат ашу жобасын талқылады.

Бұдан бөлек, жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу жөніндегі бірлескен бастамалар сөз болды.

Павел Дуров Қазақстанмен серіктестікті дамытуға мүдделі екенін айтып, еліміздің цифрлық технологиялар саласындағы зор әлеуетін атап өтті.

"Павел Дуров Қазақстанмен серіктестікті дамытуға ниет білдіріп, еліміздің цифрлық технология саласында зор әлеуетке ие екенін атады. Сонымен қатар ол қазақстандық мәдениеттің жанына жақын екенін және Алматы қаласын ерекше ұнататынын айтты", - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, Павел Дуровтың Көлсайға шомылған сәті туралы ақпарат тараған.

评论
其他材料