Air Astana ұшағында апатты есікті ашқан әйелден өтемақы талап етілді

873
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vQIejoUKNTH5SQZ7El63ZJopBo7qMO9Zdz1yOYYd.jpg

Air Astana әуе компаниясы ұшақтағы апатты шығу есігін өз бетінше ашқан қазақстандық әйелден 23 миллион теңге өтемақы өндіруді талап етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сот мәліметінше, рейс Астанадан Алматыға бағытталған. Ұшақ трапты күтіп тұрған сәтте жолаушы әйел апатты шығу есігін ашып, эвакуациялық трапты іске қосқан.

Сот хабарламасында апатты есіктер тек төтенше жағдайда және экипаж бұйрығымен ғана ашылатыны айтылған. Аталған әрекет салдарынан әуе компаниясына материалдық шығын келіп, трапты ауыстыруға 22 995 936 теңге қажет болған.

Тараптарға татуласу мүмкіндігі беріліп, нәтижесінде өзара келісім жасалған. Келісім бойынша, әйел 2025 жылдың 20 қарашасына дейін 6 698 426 теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сот тараптардың медиациялық келісімін бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты.

评论