Алматылықтар Сайран көлі маңында “жарылыс” дауысын естіп, жарықсыз қалды

532
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/x1q8UIG0G7Kze47h5rAHYqwf9AoLwzXzA1Vfy4nF.webp

17 қараша таңертең Алматыдағы Сайран көлі ауданында жергілікті тұрғындар қатты жарылыс дауысын естіген. Төрғындар оқиға кезінде бірқатар үйлерде өшкенін әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды "Адырна" порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеп.

Ауэзов ауданында тұратын тұрғындар шамамен сағат 09:00-де қатты дыбыс естіген.

"Қатты жарылыс болды. Әрі қарай қалада біршама уақыт жарық болмайтын сияқты", – дейді куәгерлер.

Сонымен қатар, Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында барлық бағдаршамдар бір мезетте жұмысын тоқтатып, жолда қозғалыс қиындағаны хабарланды.

"Қазір бағдаршам қайта жұмыс істеп тұр, қозғалысты реттеуге тырысып жатыр", – деп жазды оқиға куәгері.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты мәлімет таратты. Департаменттің айтуынша, 08:53-де Өтеген батыр көшесінде трансформатордың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді. Барған кезде трансформаторлық стансада 0,2 шаршы метр аумақта ашық жалын болғаны анықталды. Электр желісі қызметкерлері нысанды тоқтан ажыратты", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта электр энергиясын беру толық қалпына келтірілгені атап өтілді.

评论