4,5 млрд теңге шығын. OrdaMed басшысына іздеу жарияланды

111
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5flIKb1AR7w70PhMP5FWDLu6tHMcll3fm2z85Qyj.jpg

Астана қаласында 28 қаңтарда OrdaMed компаниясының басшысы Еркін Длімбетовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есептер порталында хабарланды. 

ҰҚК OrdaMed АҚ-дағы медициналық құрал-жабдықтарды жалған өндіру схемасын анықтаған еді. Компания басшылығы Қазақстанда өз өндірісі бар екені жөнінде жалған құжаттарды пайдаланып, мемлекеттік медициналық мекемелерге 28 атаулы медициналық жабдықты жеңілдікті жеткізуге құқықтық преференциялар алған.

Алайда іс жүзінде дайын жабдық шетелден жеткізілген. Нәтижесінде мемлекетке 4,5 миллиард теңге зиян келген. Сот санкциясымен компанияның техникалық директоры, бұрынғы басшысы және өндірістік басқарма бастығы қамауға алынған.

Еркін Длімбетов 2006–2022 жылдар аралығында OrdaMed топтарының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы, ал 2022 жылдан бері АО OrdaMed-тің басқарма төрағасы болып келеді.

评论