Жүргізушісіз көлік мектеп маңында оқушыны қағып кетті

190
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RIpOUKn3eWZx4tfbEGTCtm0I5JCkIGXzOYPOFA8R.jpg

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Моника қаласында Waymo компаниясына тиесілі жүргізушісіз автокөлік мектеп маңында жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті. Оқиға бесінші буындағы, жүргізуші-операторы жоқ ұшқышсыз автомобильдің қатысуымен болған.

Компанияның мәліметінше, көлік қозғалыс кезінде жылдамдығын 27 км/сағ-тан 10 км/сағ-тан төмен деңгейге дейін азайтқан. Соның нәтижесінде бала жеңіл жарақат алған. Waymo бұл оқиға туралы АҚШ-тың Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасына (NHTSA) ресми түрде хабарлаған.

Waymo өз есебінде арнайы модельдеуге сүйене отырып, дәл осындай «елес жаяу жүргінші» сценарийінде мінсіз адам-жүргізуші баланы шамамен 22,5 км/сағ жылдамдықпен қағар еді деп көрсеткен. Компанияның пікірінше, мұндай соққы анағұрлым ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін болған.

Оқиғадан кейін Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы мектеп оқушыларын әкелу және әкету уақытында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатысты Waymo компаниясының әрекеттерін тексеру үшін ресми тергеу бастады. Тергеу жұогізушісіз көліктердің мектеп маңындағы қозғалыс ережелерін қаншалықты дұрыс сақтайтынын бағалауға бағытталған.

Сонымен қатар Waymo өзінің даму жоспарларын да жариялады. Компания 2026 жылға қарай сервистің жұмыс аймағын 12 қалаға дейін кеңейтуді көздеп отыр. Жақын уақытта Сан-Франциско халықаралық әуежайында таңдалған пайдаланушылар үшін жүргізушісіз сапарлар ұсынылмақ.

Бұдан бөлек, бір жыл ішінде Waymo 13 камера, 6 радар және 4 лидармен жабдықталған алтыншы буындағы ұшқышсыз көлігін іске қосуды жоспарлап отыр. Ал 2024 жылдың төртінші тоқсанында компания Лондон қаласында роботакси қызметін іске қосуды көздейді.

Аталған оқиға жүргізушісіз көліктердің қауіпсіздігі, әсіресе балалар көп шоғырланатын аймақтардағы қозғалысы мәселесіне қоғам назарын қайта аудартты.

 

相关新闻

评论
相关新闻