Тілдің киесі бар - Дина Елгезек

139
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Bp1zaxhCxNjgAnp2s3lmljn7P28neDAEaPKS9feu.jpg
Әлі есімде. “Хабарда” 12 жыл қызмет атқарып, ұлттық арнаға ауысқан уақытым. Бір министрсымақтан сұқбат алуға бардым. Әлгі министрім көңілді: “Дин, сұрақтарыңды қоя бер. Әдеттегідей сначало қазақша ғой?! Давай, қоя бер” деді. Мен қазақша сауалдарымды қойып, жауап алдым да, жинала бастап едім: - Дин, а на русском? - деді.
Ұлттық арнадағы сараптамалық бағдарламаға аналитик болып ауысқанымды, “Хабардың ” “ 7 күн” сараптамалық бағдарламасынан кеткенімді, орысша редакция ол жерде жоқ екенін айтуым сол екен, алдында ғана көңілді отырған әлгім қап-қара болып түтігіп көмекшісіне ала көзбен бір қарады да: “мен саған тек қана “Хабар” дедім ғой, на хрена мне этот ұлттық арна” деп айғайлай жөнелді.
Сол күні редакцияға жылап қайттым. Егіліп, езіліп жыладым…
“Тілдің киесі бар, тіл - тірі организм ғой, тілге қарсы шығып, артынан оңбай қалған бір-екі сорлыны білуші едім. Сен де оңбайсың ау” дедім іштей мүжіліп.
Сол қарағым араға бірнеше жыл өткен соң жемқорлықпен ұсталып түрмеден шығып кетті. Кейін аса ауыр қылмыспен тағы ұсталып, күллі халық алданда өз әйелін өлтірген қарабет атанды…
Ұлтымнан аулақ, өзімен кетсін!
评论