Қазақстанда Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vYqjds6ZXbUoh14OSs7O8JPFZAg44mPoILC1MpXC.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесу барысында мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президенттің айтуынша, жаңа орден белгілі отандық және шетелдік ғалымдарға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне табысталатын болады. Оның мәртебесі жоғары болуы тиіс.

"Осы тарихи тұлғаға жоғары сапалы туындыларды және фильмдерді арнауымыз керек. Еліміздің әрбір облысында Қожа Ахмет Ясауидің бірегей зияткерлік мұрасына арналған оқуларды ұйымдастыру қажет.

Мен жақын арада мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу жөнінде Жарлыққа қол қоямын. Бұл жоғары марапат белгілі отандық және шетелдік ғалымдарға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне тапсырылады. Бұл орденнің мәртебесі жоғары болуға тиіс", - деді Президент өз сөзінде.
Мемлекет басшысының сөзінше, бұл бастамалар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тарихи тұлғалардың мұрасын кеңінен танытуға бағытталған.
评论