1,2 млрд теңге. «Шаңырақ» жетекшісі Алмасбек Садырбайдың соты басталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/qzFumze0RTHzXPQToRpvkkC8Lp73IPqaexAiBgH1.jpg

Алматы облысы Қонаев қалалық сотында «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Алмасбек Садырбай мен тағы алты адамға қатысты сот процесі басталды. Олар алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу баптары бойынша айыпталып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Істі судья Нұрсұлтан Қойшыбаев қарап жатыр. Сотталушыларға ҚР ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық), 262-бабы (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сондай-ақ оған қатысу), 218-бабы (қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру) бойынша айып тағылған.

Қараша айында Садырбай мен тағы алты адамға қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталғаны айтылған еді. 2024 жылғы 6 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі Садырбай 1,2 млрд теңге көлеміндегі субсидияларды жымқыру және алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

Бұған дейін ҚазТАГ қамауда отырған Садырбай өзіне қатысты қылмыстық іс бойынша жасанды интеллект көмегімен президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасағанын жазған. Бұл видеоүндеу әлеуметтік желілерде жарияланған. Сол кезде Садырбай «бір жыл бойы оң өзгеріс болады деп үміттеніп, үнсіз шыдап, шағымданбағанын» айтқан. Мәтінмен қатар берілген үндеуде оның кінәсін дәлелдейтін бірде-бір айғақ жоқ екені көрсетілген. Садырбай өзіне қатысты жағдайдың себебі қоғамдық қызметімен байланысты деп санайды. Үндеуде соңғы уақытта фермерлердің мәселелерін көтеріп, азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтып, сын пікірлер білдіргені атап өтіледі.

Еске салайық, Садырбай 2025 жылдың қараша айында ұсталған.

评论