Тіс емханасында 20 жастағы жігіт көз жұмды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kmgkHw5czVups5LJuuxcFaO9eQUuLaPbbW65yhYn.webp

Астана қаласындағы стоматологиялық орталықтардың бірінде 20 жастағы тұрғын қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде жігіттің туыстары емханадағы олқылықты айтып, жазба жариялаған. Бұған дейін жазбада марқұм Есболған Мұрат Жеңісханұлына стоматологиялық процедура кезінде дұрыс ем көрсетілмегені де аталған.

Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады. Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша соталды тергеу басталған.

«Қаладағы стоматологиялық орталықтардың бірінде 20 жастағы тұрғынның қайтыс болу дерегі бойынша Астана қаласының Полиция департаменті соталды тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта бірқатар тергеу шаралары тағайындалды. Қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады», – делінген хабарламада.

评论