Автобус жүргінші жолағындағы адамды қағып кетті

219
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OA92pmW0RlY08GNcv4DEbGyexh1Jp032TVstgx99.png

Талдықорған қаласында автобус жаяу жүргіншіні қағып, әйел адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 15 мамыр күні Назарбаев көшесінде болған. Алдын ала дерек бойынша, Isuzu маркалы автобус жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

"Жол апаты салдарынан әйел адам қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта автобус арнайы айып тұрағына қойылған. Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

评论