Желідегі наразылықтан соң. Мұхамеджан Тазабектің уағызы өтпейтін болды

110
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BFSKnHIjKBeJ5kbkVvuWjGVpYxKqWDZlshgttUt4.jpg

Мұхамеджан Тазабектің Орал қаласында уағызы өтпейтін болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Уағыздың өтпей қалғаны туралы депутат Ермұрат Бәпи әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол Айт-Ман Нұржанның:
«Свет-дос, бұл кездесу өтпейтін болды, тоқтаттық! Міне, қоғамдық бойкоттың нәтижесі!» деген пікірін жариялаған.

Бұған дейін желідегі жұрт Оралда өтуі тиіс болған уағызды сынап, жаппай бойкот жариялаған.

Айта кетейік, Мұхамеджан Тазабек - қазақстандық қоғам қайраткері, айтыскер ақын, дінтанушы, публицист ретінде танылған. 2014 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған.

Сондай-ақ ақын Ақұштап Бақтыгерееваның уағыз туралы пікірін жариялаған едік.

Ақын уағыздың өтуі мен оны өткізуге таңдалған орынды әбден сынға алған.

"Қайрат Сатыбалды, Бекболат Тілеухан, Дикий Арманның құшағынан шыққан, айтыстағы "құбылыс" Мұхамбетжан Тазабеков ел-жұртпен кездесу үшін Оралдағы киелі орталықты таңдапты. 

Сан түрлі діни ағымдар еніп кеткен Батыс өңірге осы "пәленің" келуі маған жұмбақ. Қандай саясат? Қандай үгіт?
Айтыс жайлы не демек? Айтыс-қазір бизнес. Барыңдар кездесуге. 

Тәңірші болу, салафит болу, ақ жамылу, қара жамылу, талақ болу, суайт болу, зымиян болу - өз еркіңіз ғой" - деп жазған.

评论