Фильмдерге жаңа талап. Прокатқа шығу үшін сараптама міндеттелді

120
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xmk9wdA09HMAqQSkYJfIWGK2anT3HarMCDHj8FRz.jpg

Қазақстанда 16 маусымнан бастап прокатқа шығатын барлық фильмдер міндетті түрде сараптамадан өтіп, арнайы рұқсат құжатын алуы тиіс. Бұл талап Мәдениет және ақпарат министрлігі енгізген жаңа ережеге сәйкес жүзеге асырылады, деп хабарлайды "Адырна".

Жаңа тәртіп бойынша әр фильмге прокатқа шығар алдында сараптама жүргізіледі. Сарапшылар туындының мазмұнын зерделеп, онда конституциялық құрылысты бұзуға, елдің тұтастығына нұқсан келтіруге бағытталған үгіт-насихаттың, сондай-ақ әлеуметтік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыратын көріністердің бар-жоғын анықтайды.

Бұдан бөлек, фильмдер қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау, порнография, педофилия және дәстүрлі емес сексуалдық қатынастарды дәріптеу белгілерінің болуына да тексеріледі.

Сараптамадан өту үшін дистрибьюторлар фильмнің кинотеатрларда көрсетілетін нұсқасын ұсынуы қажет. Комиссия мүшелері картинаны толық қарап шығып, мазмұнына талдау жасайды. Кейін мәселе комиссия отырысында талқыланып, дауыс беру арқылы қорытынды шешім қабылданады.

Министрлік жанынан құрылған комиссия құрамына кино саласының мамандары, тарихшылар, психологтар және қоғам өкілдері енген.

Сараптаманың оң қорытындысын алып, тиісті құжатты рәсімдеген фильмдер ғана Қазақстан аумағында ресми түрде көрсетіле алады. Ал талаптарға сәйкес келмеген туындыларға прокатқа шығуға рұқсат берілмейді.

评论
其他材料