Путин кеткендердің мүлкін тәркілеуге жол ашатын заңға қол қойды

110
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PDlFv29pcZHR63r8JDgiDfjgyje0N78sHXa3cZLc.jpg

Ресей президенті Владимир Путин елден кеткен азаматтардың Ресей Федерациясының мүдделеріне қарсы бағытталған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін олардың мүлкін тәркілеуге мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Құжат 10 маусым күні ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланды, деп хабарлайды "Адырна". 

Әңгіме Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 10-нан астам бабы туралы болып отыр. Сарапшылардың пікірінше, олардың көпшілігі саяси себептермен қудалау құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда, «шетел агенттерінің» қызмет тәртібін бұзу, экстремистік материалдарды өндіру және тарату, жалған ақпарат тарату және БАҚ еркіндігін теріс пайдалану, «қалаусыз ұйымдардың» қызметіне қатысу, Ресей армиясын «қаралау», сондай-ақ КСРО басшылығының әрекеттері мен шешімдерін нацистік Германиямен жария түрде теңестіру туралы баптар қамтылған. Тізімде «ерекше белгілері бар ұсақ бұзақылық» та бар.

Заң 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Құжатқа сәйкес, әкімшілік жаза ретінде салынатын айыппұлдың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғалардың мүлкіне тыйым салынған жағдайда, тәркіленетін мүліктің құны айыппұл мөлшерімен шектелмейді. Мүлікке тыйым салу оны иеленушінің оған билік ету құқығын шектеуді білдіреді.

 

评论
其他材料