“Полицейге тиесілі”. Ер адамның өртенген мәйіті табылды

271
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алматы облысының Кеген ауданында өртенген ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаза тапқан адамның Алматы қаласы полициясының 37 жастағы қызметкері Аслан Әлсеров екені анықталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіт Көкпек – Көктал – Кеген тасжолының маңынан, Кеген асуы аумағында табылған. Оны мал іздеп жүрген жергілікті тұрғын байқап, полицияға хабарлаған.

Тергеу барысында марқұмның Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында аға жедел уәкіл болып қызмет атқарғаны белгілі болды. Мәйітте қатты термиялық зақымдар бар. Сондай-ақ оң қолынан күйіп қалған арқанның қалдықтары табылған.

Тергеушілердің болжамынша, қылмыс Алматы қаласындағы отбасылық пәтерде жасалып, кейін ізді жасыру мақсатында мәйіт Кеген ауданына жеткізілген болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта марқұмның бұрын полиция қызметкері болған жұбайының іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Іс бойынша 14 жастағы ұлы куәгер болуы мүмкін деген болжам бар.

Бастапқыда қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тіркелген. Кейін іс ауырлау бап бойынша қайта сараланған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

相关新闻

评论
相关新闻