"Қоштасқым келмейді..." Қос палаталы парламенттің соңғы отырысы өтеді

262
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VNAaC1tOtcATJgUlNDvZQQpPLGxA2qUt1U7gWlha.jpg

Қазақстан Парламенті қос палатасының соңғы бірлескен отырысы 26 маусымда өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Дәстүр бойынша, бірлескен отырыс Парламент сессиясын қорытындылап, одан кейін депутаттар жазғы демалысқа шығады.

Алайда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне еніп, елде бірпалаталы Парламент жүйесі енгізіледі. Осыған байланысты сегізінші шақырылымдағы Мәжіліс пен Сенаттан тұратын қазіргі заң шығарушы орган өз жұмысын аяқтайды.

Өкім мәтінінде: «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусым күні сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын» деп көрсетілген.

Жиынға мәжілістің 98 депутаты мен сенаттың 50 сенаторы қатысады деп күтілуде. Тамыз айында жаңа бірпалаталы Парламент – Құрылтай құрамына 145 депутат сайланады.

评论