Он жастағы бала сәби өліміне кінәлі деп танылды

110
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VyBhyXbxm52B8gJmJyOyFAUVuO2ZXM3lc4Wc4vbp.webp

Сент-Луис қаласында 10 жастағы балаға жеті айлық сәбидің өліміне қатысты адам өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

АҚШ БАҚ дерегінше, бала жеті айлық сәбиді басынан атып жіберген. Оқиғадан кейін сәби ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Оқиға кезінде үйде тағы бір бала болған.

Полицияның алдын ала болжамынша, атыс қаруы үйдегі матрастың астында сақталған және оған баланың еркін қол жеткізуіне мүмкіндік болған. Іс бойынша қаза тапқан сәбидің 19 жастағы әкесіне де айып тағылды. Тергеу дерегіне сәйкес, ол қаруды кәмелетке толмаған баланың қолы жететін жерде сақтаған.

Тергеушілердің мәліметінше, 10 жастағы бала қарудың қайда сақталғанын білген және бұған дейін де оған қол жеткізген. Қазіргі уақытта оған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта бірінші дәрежелі адам өлтіру бабы бойынша айып тағылды.

Ал сәбидің әкесі кепілмен босату құқығынсыз қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

相关新闻

评论
相关新闻