"Балмұздақ әперуге уәде берген". Жоғалған балалар табылды

270
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Атырау облысының Исатай ауданындағы Тұщықұдық ауылында жоғалып кеткен үш және төрт жастағы екі бала табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 17 шілде күні кешкі уақытта болған. Балалардың жоғалғаны туралы хабар түскеннен кейін оларды іздеуге полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды.

Бастапқы мәлімет бойынша, балаларды ауылдың 25 жастағы тұрғыны өзімен бірге алып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, ол бүлдіршіндерге балмұздақ алып беретінін айтып, ертіп кеткен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде шамамен үш сағаттан кейін екі бала да аман-есен табылды. Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Әлеуметтік желілерде күдіктінің психикалық дертке шалдыққаны туралы ақпарат тарағанымен, бұл мәліметті құзырлы органдар ресми түрде растаған жоқ.

评论