Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

90
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

Жапонияның Кюсю аралындағы Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1 болатын жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 34 адамға жетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жапонияның табиғи апаттарға ден қою жөніндегі штабының мәліметінше, Яцусиро қаласындағы Nippon Paper Industries зауытында мұржаның құлауы салдарынан сегіз адам көз жұмған. Сондай-ақ Касима қаласындағы AEON Mall Kumamoto сауда орталығында құтқарушылар үйінді астынан екі адамды тапқан, олардың бірі қайтыс болған. Осылайша, аталған сауда орталығындағы құрбандар саны бес адамға жетті.

Ресми дерек бойынша, табиғи апат салдарынан 66 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Оның ішінде 39 адам ауыр, 5 адам орташа, ал 22 адам жеңіл жарақат алған. Қазір Яцусиро қаласында қираған тұрғын үйлердің астында қалып қойған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Кумамото префектурасында 415 эвакуациялық орталық ашылып, онда 10 400-ден астам тұрғын орналастырылған. Сонымен қатар шамамен 74,8 мың үй ауызсусыз, ал 23 мыңға жуық үй электр жарығынсыз қалып отыр.

Жер сілкінісінің салдарынан тұрғын үйлер, жолдар мен көпірлерге айтарлықтай зақым келген. Табиғи апаттың зардаптарын жою жұмыстарына шамамен 4,6 мың әскери қызметкер жұмылдырылған.

评论