Қазақстандық параспортшы Гузал Ергешева Англияда қайтыс болды

290
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VoRag9JVGbZpD84Y3v5J4eFzdDKUGrwY35jLqBeW.webp

Қазақстандық спортшы, пауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева 8 тамыз күні Англияда өмірден озды. Қаралы хабарды тележүргізуші Адель Оразалинова (Адель Смит) жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, олар 30 жылға жуық уақыт бойы жақын дос болған.

«Ол жүрегі махаббатқа толы, сүйікті, жарқын, алға қойған жоспары көп және достыққа адал жан еді», – деп жазды Оразалинова.

Тележүргізушінің сөзінше, спортшының жағдайы түнде, ұйықтап жатқан кезде күрт нашарлаған.

Қазір Гузал Ергешеваның отбасы спортшының мәйітін Ұлыбританиядан Қазақстанға жеткізу мәселесімен айналысып жатыр. Адель Оразалинова оқырмандардан Ұлыбританиядан мәйітті елге қайтару рәсімі жөнінде ақпаратпен бөлісуді және Қазақстан консулдығы өкілдерімен байланыс орнатуға көмектесуді сұрады.

Еске салайық, Гузал Ергешева 2017 жылы Канадада өткен бойы аласа адамдар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алған еді.

评论