Елу мыңдық сертификат үшін - млн теңге. Шенеунік айыппұл арқалады

306
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Павлодарда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалы басшысының бұрынғы міндетін атқарушы мен алматылық кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Іс Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2025 жылғы желтоқсанда болған. Алматылық кәсіпкер жер учаскелерінің кадастрлық құжаттарын жедел тіркеп, ондағы арнайы белгіні алып тастау мәселесі бойынша филиал басшысының міндетін атқарушыға жүгінген. Лауазымды тұлға қажетті қызметті көрсеткен. Алайда оның қызметті тез арада орындағаны үшін сыйақы күтетінін тұспалдағаны анықталған.

Кейін кәсіпкер шенеуніктің қызметтік кабинетіне барып, оның жұмыс үстеліне парфюмериялық дүкеннің 50 мың теңгелік сыйлық сертификатын қалдырған. Сотта мемлекеттік корпорация филиалы басшысының бұрынғы міндетін атқарушы пара алғаны, ал кәсіпкер пара бергені үшін жауапқа тартылды. Екі сотталушы да тағылған айыпты толық мойындады.

Сот үкімімен бұрынғы лауазымды тұлғаға 1 миллион 250 мың теңге айыппұл, ал кәсіпкерге 750 мың теңге айыппұл салынды.

 

评论